Накидка

Toyota

Camry 50/55

2011 – 2017Еуропа нұсқасыдинамик тесігімен11 фото
1 / 11
Осы көлікке тігіледі: Toyota Camry 50/55Лекалы бар — пішіні мен тесіктері панельге дәл келеді.

9 000 ₸

Жеткізу бағасы бөлек

Кепілдік: 12 ай

Түсі: Қара · 14 түс

Лекалды дұрыс таңдау үшін:

Көлік Америка нұсқасы ма, әлде «еуропалық» па (Ресей, ҚР, Азия, Араб)?

VIN 4T1… болса немесе спидометрде миль (MPH) үлкен жазылса — Америка; XW7… — Ресей жинағы.

Америка нұсқасы болса: 2014 жылғы (2015 модельдік жыл) рестайлингке дейін бе, әлде кейін бе?

Америка 55 кузовтың панелі 50-ден мүлде басқа; еуропалықта 50 пен 55 бірдей.

Панель үстінде динамик торы (ортасында немесе бұрыштарында) бар ма?

Әйнекке жақын тесікті тор; көбіне JBL/премиум аудиосы бар нұсқаларда болады.

Рөл:

Хат дайын болып ашылады — тек «Жіберу» басасыз. Атыңыз бен нөміріңізді жазудың қажеті жоқ.

  • 1–3 күнде
  • ҚР бойынша
  • желімсіз

Жинақта

  • Накидка — 1 дана
  • Астында гель қабаты
  • Бүктемей, орап жібереміз

Материал

Алькантара — жасанды замша: жұмсақ, күңгірт, барқыт тәрізді ворс. Табиғи былғары емес.

Орнату

Панельді сүртіңіз, накидканы жайып, тесіктерін сәйкестендіріңіз. Желім мен липучка керек емес — әсіресе жолаушы қауіпсіздік жастығының (airbag) қақпағына ештеңе жапсырмаңыз.

Жазу мен сурет

Накидкаға лазермен басамыз: көлік логотипі, ру мен жүз, есім, арыстан мен жылқы, Елтаңба, дұға. Өз суретіңізді де басамыз.

Цехта басылғандардан

Toyota Camry — басқа жылдары

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің көлігіме дәл келе ме?

Әр модельге жеке лекал бар. Көлігіңіздің жылы мен буынын (кузовын) таңдаңыз. Панельде проекция (HUD), динамик, экран немесе компас болса — тапсырыс кезінде белгілеңіз, біз WhatsApp-та тағы бір рет нақтылаймыз.

Қалай орнатылады?

Панельді сүртіп, накидканы ворсымен жоғары жаясыз да, тесіктерін сәйкестендіресіз. Желім де, липучка да керек емес — астындағы гель қабаты ұстап тұрады.

Бүктеліп келе ме?

Жоқ, бүктемей, орап жібереміз — сызықсыз келеді.

Қалай тазалаймын?

Шаңсорғышпен немесе жұмсақ щеткамен. Дақ болса — сәл дымқыл майлықпен сүртесіз. Кір жуғыш машинада жумаңыз.